«Есіл»ӘКК» акционерлік қоғамы жаңа әлеуметтік жобаларды қолға алады -Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Есіл» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамы алдағы жылы Ақмола облысы аумағында бірнеше әлеуметтік жаңа жобаларды іске асырып,
None
None

уақыт талабына сай қызмет көрсетуді көздеуде.

Қоғам директоры Саят Қанахиннің айтуынша, жыл ішінде «Зерен» көлі маңында еуропалық стандартқа сай демалыс орталығы ашылатын болады. Онда жергілікті тұрғындар табиғат аясында тыныстап, ем қабылдап, бой жазады. Ең бастысы, оның бағасы тәулігіне сегіз мың теңге төңірегінде болмақ. Көкшетау қаласында 12 қабатты тұрғын үй іске қосылып, оның әр шаршы метрі 600 АҚШ доллары көлемінде саудаға түседі. Осылайша облыс орталығының әр шағынауданында қолжетімді үйлер салу шешімін табады. Астана-Бурабай автобаны бойында бал және орман өнімдерін сату жолға қойылмақ. Сол бойынша ағаштан қиылып салынған сауда орындары пайдалануға беріледі. Бұл қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар