11:21, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Есіл ауданында «Қазақстанның Халық банкі» жаңартылған нысанда қызмет көрсете бастады
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Есіл ауданының орталығы Есіл қаласында «Қазақстанның Халық банкінің» аудандық бөлімшесі жаңа жылдан бастап жаңғыртылған нысанда халыққа қаржылық қызмет көрсете бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның Халық банкі» акционерлік қоғамының қаржылай қолдауымен бұрынғы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет көрсету арнасы кеңейтілген. Сонымен бірге озық технологиялық жүйелер іске қосылып, клиенттердің өскелең талап-тілегін орындау мүмкіндігі шешімін тауып отыр. Аймақтағы іргелі қаржы орталығы бүгінде 500 мың заңды және 15 мыңнан астам жеке тұлғаға қызмет көрсетеді. Банктегі депозиттік база жарты миллиард теңгені құрайды. Бүгінде өңірдің бес мың тұрғыны филиалдың төлем карточкасына ие.
Жалпы облыс бойынша Халық банкі өткен жылы Щучье ауданы орталығында жаңа нысанды іске қосып, көрсетілер қызмет сапасы мен ауқымын кеңейте түскен болатын.