Есіл ауданында «ұйқы ауруына» шалдыққан науқастар санавиациямен Астанаға жіберілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Есіл ауданында "ұйқы ауруына" шалдыққан науқастар санавиациямен Астанаға жіберілуде. Бұл туралы "ҚазАқпарат" агенттігінің өңірдегі тілшісіне аудан әкімінің қызметкерлері мәлім етті.
None
None

Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бүгін тағы төрт адам "ұйқы дертіне" шалдыққан. Оның бірі студент.

"Соңғы күндері күннің жылынуы байланысты "ұйқы дерті" белең ала бастады. Соңғы екі аптаның ішінде 40-қа жуық адам қалғып үлгерді. Олардың ішінде есін жиып үлгергендерін ауруханадан үйлеріне жіберіп жатырмыз. Ал жағдайы сәл күрделі науқастарды санавиациямен Астанаға жіберіп отырмыз. Бүгін соңғы күндері ұйықтап қалған Калачиге қонаққа келген 1956 жылғы Ресей азаматшасы А.Курухтина мен әлеуметтік қызметкер Г.Нұғыманованы және тағы екі адамды Астанаға жібердік. Бүгін тағы төрт адам қалғып кетті", - дейді әкімдік қызметкері.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 10-шы желтоқсанында өңірге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин Калачи және Красногорск елді мекендерінің тұрғындарына 2015-2016 жылдары толығымен көшірілетіні жөнінде уәде берген еді. Қазіргі кезде аталған елді мекенде облысы әкімдігі тарапынан құрылған арнайы жұмыс комиссиясы осы бағытта жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар