Есіл өзенінде балықтардың неден қырылғаны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халық алдында есеп берген Астана қалалық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев Есіл өзеніндегі балықтардың неден қырылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарт.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғыны Есу арнасы ауданындағы суда балықтардың қырылып жатқан видеосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын.

Б.Малыбаевтың айтуынша, тұрғындар өзенге зиянды  зат лақтыруы мүмкін.

«Тиісті сараптама жүргіздік, су таза, ластанбағаны анықталды. Улы заттар табылмады. Бірақ, үйінен шыға сала, өзенге неше түрлі қоқыс тастап кететін адамдар бар. Біз қалада рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастаған 15 мың адамға айыппұл салдық. Сондықтан, балықтар сол күні ғана қырылған, яғни, қоқыстан өлуі әбден мүмкін»,-деді Б.Малыбаев.

Соңғы жаңалықтар