Есімов ЭКСПО-ға қатысушы елдерден павильондарын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді өтінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы елдер ұлттық павильондарын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуі қажет. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысында «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты.
None
None

«Көптеген елдер құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастап та кетті.  Көрменің басталуына не бәрі 108 күн ғана қалып отыр. Сондықтан біз қатысушылардан павильондарды ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді өтінеміз. Сіздерге ыңғайлы болуы үшін түрлі операциялық бағыттар бойынша нұсқаулықтар әзірледік. Сонымен бірге  бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін бірыңғай қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Онда Қазақстанның мемлекеттік органдарының визалық қолдау, салықтық, банкілік, сақтандыру сынды қызметтері көрсетіледі», - деді Есімов.

Оның айтуынша, ЭКСПО қалашағында мыңдаған апартамент бар, оларға секциялық комиссарлар орналастырылады. Мұнан бөлек, жоғары мәртебелі қонақтарға арналған тағы да 342 апартамент бар.

«Қазірдің өзінде біз аккредитациялық ақпараттық жүйені іске қостық. Ол процедуралардан өту уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Шетелдік қонақтарға ыңғайлы болуы үшін Қазақстан 45 ел үшін визасыз режім енгізді», - деді Есімов.

Соңғы жаңалықтар