Есірткі бизнесімен күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеу қажет - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлт денсаулығына синтетикалық есірткі тұтынудың артып келе жатқандығы үлкен қатер төндіреді. Қарқыны өте теріс: соңғы үш жылда айналымнан алынатын синтетика көлемі он есеге артқан. Синтетикалық есірткі жылдан жылға арзан әрі қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджелер арқылы кедергісіз сатылады. Тіпті үйге де жеткізіліп беріледі», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, осынау өте қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткінің өндірісімен және таралуымен күрес жалпыұлттық сипатта болуы тиіс.

«Сондықтан Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Фото: depositphotos.com




Соңғы жаңалықтар