Есірткі қолданушылардың жалпы саны 13 пайызға қысқарды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы Ішкі істер органдары 3238 есірткі қылмысын анықтады, оның 1962-сі есірткіні сату фактісі. Бұл жайында ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.

Есірткі қолданушылардың жалпы саны 13 пайызға қысқарды

Белгілі болғандай, 24 тоннодан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 106 кг героин. 60 есірткі қылмысын жасаған 11 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 49 есірткі контрабандасы анықталды. 25 есірткі притоны  жойылды.
Есірткі қолданушылардың жалпы саны 13 %-ға қысқарды (47833-тен 41614-ке дейін), оның ішінде әйелдер - 14 %-ға (3754-тен 3232 -ге дейін), кәмелетке толмағандар -17 %-ға (2653-тен 2202-ге дейін) азайды.