Есірткі өсірушілер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласының тәртіп сақшылары есірткі затын өсірушілерді қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Жезқазған қаласының ІІБ есірткіге қарсы күрес басқармасы және қалалық ІІБ ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлері Ұлытау ауданының «Көжек-Батыр» аумағында ұлты азиялық екі белгісіз адамның заңсыз есірткі заттарын, атап айтқанда көкнәр егу, өсірумен айналысатындары жөнінде жедел ақпарат алған.

Жедел іздестіру шаралары кезінде көрсетілген жердегі шым үйден екі азамат ұсталды.

Аталған жерді қарау кезінде 26 бұта көкнәр, сонымен қатар салмағы 15 грамм кептірілген марихуана табылды. Сонымен қатар есірткіні өңдегенде және көкнәр өсімдігін егу кезінде пайдаланылатын қосымша заттар: күрек, шапқы, шелек, қалбыр, тыңайтқыш сияқты құралдар тәркіленді.

Қазіргі таңда осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар