Есірткі сатумен айналысқан екі қылмыстық топ анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Есірткі сатумен айналысқан екі қылмыстық топ жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Осы жылдың 1-тоқанында 861 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 602 сату және 163 аса ірі мөлшерде есірткі сақтау фактісі бар. 1 тоннадан астам түрлі есірткі заты, нақтырақ айтқанда 3 келі героин, 764 келі марихуана, 252 келі гашиш және 25 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, есірткі сатумен және сақтаумен айналысатын 2 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

«Қылмыстық жауапкершілікке 2 көшбасшысы және топтың 11 қатысушысын тартылуда. Қылмыстық жолмен алынған жалпы сомасы 11 млн теңгеден асатын ақша қаражатын заңдастырудың бір фактісі тіркелді», - деді Берікхан Нұрғалиев.


Соңғы жаңалықтар