Есірткі саудасымен айналысқан бірнеше азамат ұсталып, қамауға алынды

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі саудасымен айналысқан Орал қаласының И. деген тұрғыны мен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген К. және Д. деген азаматтарды қолға түсірді.
None
None
Департаменттен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олардың жеке заттарының арасынан көлемі екі киләдан асатын героин табылған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, аталған азаматтар Орал қалалық тергеу изоляторына қамалды.
Соңғы жаңалықтар