12:51, 20 Тамыз 2016 | GMT +5
Есірткі саудасымен айналысқан ер адам полициядан жасырыну үшін бетіне грим жағып, шал кейпіне енген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ер адам қанша айласын асырғысы келсе де, оны тұтқындады, енді ол сот алдында жауапқа тартылады.

Массачусетс полицейлері есірткі саудасымен айналысқан күдікті Шона Миллердің үйін қоршауға алғанда олар 31 жастағы ер адамның орнына қылмыскерге ұқсамайтын егде адамның үстінен шықты. Бұл туралы CNN хабарлады.
Одан әрі тергеуден кейін тәртіп сақшылары «шалдың» нақ сол күдікті екенін анықтаған. Ол бетіне грим жағып, түрін адам танымастай өзгерткен.
Қолданған айласына қарамастан, Миллерді тұтқындады, енді ол бетпердесіз сот алдында жауап беретін болады.