08:19, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Есірткі заттарымен ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Шиелі ауданының тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары нәтижесінде аудан орталығының бір тұрғынының үйінен 12 грамм гашиш тәркіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай оқиға Жалағаш ауданында да орын алды. Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 32 жастағы әйелді ұстап, одан 196 грамм есірткі заты алынды. Сарапшылардың тексеруі бойынша ол марихуана болып шықты.