10:15, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Есірткі заттарын сату мақсатында заңсыз сақтағандардың ісі сотқа берілді - БҚО
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алдын ала тергеу сатысында заңдылықтың сақталуына қадағалауды сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде облыстық прокуратура ҚР ҚК 259-бабы,
3-бөлімі, «а,б» тармақтарына сәйкес (әлденеше рет, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, есiрткi заттарын өткiзу мақсатында сақтау) В.Илясовты және Е.Сурованы айыптау туралы қылмыстық істі сотқа жіберді.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қылмыстық қудалау органы аталған тұлғалардың биылғы маусым-шілде айларында Орал қаласының аумағында бірнеше рет есірткі заттарын өткізумен айналысқанын анықтады. Олардың пәтерін тінту барысында 132 грамм марихуана табылып, тәркіленді.
Дәлелдемелердің жеткілікті болуы ескеріліп, айыпталушылар ісі ҚР ҚК-нің аталған бабымен сотқа берілді.