Есірткіден уланған сәби ауруханада көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде кішкентай бала аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша баланың өліміне есірткіден улану себеп болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Есірткіден уланған сәби ауруханада көз жұмды

Тергеушілер 26 шілде күні баланың ата-анасы оны қонаққа ертіп апарғандығын анықтады. Үш сағаттан кейін анасы баланың тыныс алмай жатқандығын байқаған.

«Бала ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алайда шамамен 19 сағаттан кейін көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, бала өліміне есірткі затынан улану себеп болып отыр», - деді Ресейдің Мәскеудегі ТКБТБ басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова..

Бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға күдікті ретінде баланың ата-анасымен үйде қонақта болған 41 жастағы әйел ұсталды.