Есірткімен күреске қарсы ақпараттық орталығының Алматыда орналасу шарттарына қатысты құжат қабылданды
психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Демеуовтың айтуынша, келісімге
2009 жылы 16 қыркүйекте қол қойылған. Оның мақсаты - есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының құқықтық мәртебесін анықтау. Орталықтың жұмысы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының, донор елдердің және басқа да көздердің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Отырыста құжатты жан-жақты талқылаған депутаттар оны бірауыздан қабылдады.