Ескекшілер жарысы: Жалғас Тайкенов Азия кубогының «алтынын» олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ескекші Жалғас Тайкенов ашық Азия кубогының алтын жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

Байдарка ескегі бойынша маманданған спортшы KL-3 200 дәрежесіндегі 200 метрлік қашықтықта бірінші болып келді. Жарыс Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатыр. Оған 180-нен астам ескекші қатысуда.

«2016 жылғы Азия чемпионатында Жалғас «күміс» иеленген болатын, биылғы жылы «алтын» алу мүмкіндігі бұйырды. Бұл жарыстарға ол Оңтүстік Қазақстан облысы ескек есу және желкен спорты федерациясы мен Ресейдің параканоэ федерациясы арасында жасалған келісімдер аясында параканоэ бойынша Ресей құрамасымен бірге дайындалды», - деді Оңтүстік қазақстандық федерацияның президенті Денис Жарменов. 

Соңғы жаңалықтар