19:23, 12 Тамыз 2023 | GMT +5
Ескелді ауданындағы су тасқынына байланысты жедел желі іске қосылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысындағы су тасқынына байланысты жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысы ТЖД дағдарыс орталығында психологиялық көмек көрсету үшін жедел штаб пен жедел желі телефоны ашылды.
Нөмірі: 8 (7282)-22-02-13 және 22-02-18.
Еске сала кетейік, Жетісу облысының Ескелді ауданында қатты жауын салдарынан 50 тұрғын эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.
Көшірілген тұрғындар мектепке орналастырылды.