03:41, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде аяз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28-30 наурыз аралығында еліміздің бірқатар аймақтарында күн суытып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

28-29 наурызда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында ауаның температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.
29-30 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23 м/с, таулы аймақтарда екпіні 30 м/с артық болады деп күтіледі. Ауаның температурасы түнде 3-8 градус аязға төмендейді.