02:31, 20 Шілде 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Алматы облысында аптап ыстыққа байланысты таудағы қар еруі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 шілде күні Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Күннің қатты ысуына байланысты Алматы облысындағы тау сілемдеріндегі қарлар еріп, өзен-сулардың деңгейі көтерулі мүмкін, делінген хабарламада.