Ескерту: Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні жылжуы мүмкін

АЛМАТЫ: 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының таулы аудандары мен Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары таулы аймағында (2000 метрден жоғары) жылымыққа байланысты 6-7 желтоқсан күндері қар көшкіні жылжуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің ағымдағы жылдың 6 желтоқсанындағы ескертуіне сілтеме жасаған «Алматы қалалық құтқару қызметі» МКҚК хабарлайды.

Алматы қаласының құтқару қызметі алматылықтар мен қала тұрғындарын тау жаққа шығып, серуендеуден бас тартуға кеңес береді. Төтенше жағдайлардың қаупі пайда болған жағдайында 109,112 телефон нөмірлеріне хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар