ЕСКЕРТУ: Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы ықтимал - ТЖД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 28-29 наурыз аралығында күннің жылынуына және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы ықтимал.
None
None

Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қала маңындағы тау бөктерлеріне барудан бас тарта тұруларын сұрайды. «Қар көшкіні болу ықтималдығына байланысты қар басқан тау баурайларына шығу өте қауіпті. Тауда сақ болыңыздар» - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар