18:42, 23 Шілде 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Алматы облысының жекелеген тау өзендерінде су тасқыны болуы ықтимал
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 24-27 шілде аралығында Алматы облысының биік таулы аймақтарында жылу қорының көбеюіне, қардың еруіне және жауын-шашынның болу мүмкіндігіне байланысты жекелеген тау өзендерінде су тасқыны болуы ықтимал және таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталады.
Бұл туралы бүгін Алматы қалысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осыған байланысты департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына мынадай сақтық шараларын жасауды ескертеді:
Қауіпті аймақтан кету, сел қаупі туындағанда билік органдарына хабарлау, қауіпті аймақта жүрген кезде сақ болу, жүріс барысында сел қауіпінің алғашқы белгілерін байқау үшін қауіпті тау шатқалына тас лақтырып көру және адамдарды қорғау бойынша арнайы жоспарлардың бар екенін білу. Себебі қауіпті жағдайда оларды пайдалана білу керек.