18:33, 19 Ақпан 2017 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Астана мен Ақмола облысында бұрқасын болып, күшті жел тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ Комитеті дауылды алдын ала ескертуды таратты.

«20-21 ақпанда Ақмола облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті жел күтілуде. Оңтүстік батыстан соққан жел күшейіп, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/сек.-қа жетеді.
Астана қаласында 20-21 ақпанда бұрқасын болуы ықтимал, 15-20 м/сек. жылдамдықпен жел соғады», делінген ТЖ Комитетінің хабарламасында.