ЕСКЕРТУ: Аяздың көтерілуіне байланысты елдің бес облысында автокөлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аяздың көтерілуіне байланысты елдің бес облысында автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК сайтында.
Қостанай облысында «Қостанай-Сарыкөл-СҚО шекарасына дейін» (556-729 км), «Мамлютка-Қостанай» (404-180 км), «Костанай-Аулиекөл-Сурган» (108-232 км) учасклерінде жүк және жолаушы дизелді автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облысы, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ауа райының төмендеуіне байланысты барлық авто жол учасклерінде жүк және жолаушы дизелді автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.
Қарағанды облысы бойынша «Алматы-Екатеринбург» (489-1142 км), «Кызылорда-Павлодар» (216-1135 км), «Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау» (51-266 км), «Жезказған-Петропавл» (0-240 км), «Карағанды-Аягөз-Бұғаз» (17-320 км), «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» (0-93 км) учасклерінде жүк және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.