ЕСКЕРТУ: Еліміздің бірқатар аймақтарында күн суытып, бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 маусым күні еліміздің бірқатар аймақтарында күн суытып, жаңбыр, бұршақ жауады, деп хабарланған ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
14 маусым күні Ақмола облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде күндіз бұршақ жауады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 24 м/с дейін жетеді, ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 12 градус жылы болады. Астана қаласында әлсін-әлсін жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді. 14 маусым күні түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді, кей аймақтарында бұршақ жауып, ауа температурасы 12-17 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерінде 20 градус жылы болады. Күндіз Қарағанды облысында кей аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей тұстардан 25 м/с дейін жетеді, ауа температурасы 16-21 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 21-26 градус жылы болады. 15 маусым күні Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан соққан жел 17-22 м/с дейін, кей жерлерде 26 м/с дейін жетеді, күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 12 градус жылы болады.