ЕСКЕРТУ: Еліміздің кей өңірлерінде аяз 38 градусқа дейін көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел күші 15-20 м/с-ге жетеді деп күтілуде.
Температура түнде 22-27 градусқа, кей жерлерде 34-35-ке дейін төмендейді, кей жерлерде -38 аяз болады.
27 қаңтар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жауын-шашын (жаңбыр соңы қар) болады деп күтілуде, кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысқан жел күші кей жерлерде 15-20 м/с болмақ. Температура түнде 3-8 градусқа төмендеп, 23-28 градусқа дейін аяз түсуі ықтимал. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми сайты хабарлады.