08:29, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Эстон әскерилері шынжыр табанды робот жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияда Kevadtorm әскери жаттығулары кезінде шынжыр табанды робот сынақтан сәтті өтті, деп хабарлайды N+1.

THeMIS роботы жүк тасымалдауға арналған. Ондай міндетті бұған дейін үлкен техника немесе жауынгерлердің өздері атқарып келді. Роботтың жылдамдығы сағатына 35 км, ол өзімен бірге 750 келі жүк алып жүре алады. Ал аппараттың салмағы жарақтандырылуына қарай 750-850 келі шамасында.
THeMIS қуаты 10 сағат тоқтаусыз жүруге жетеді. Оны дизель қозғалтқышына қосылған генератор арқылы қуаттайды. Оның негізгі бөліктері болатпен қорғалған. Робот үш режімде жұмыс істей алады: автономды, жауынгер еріп жүріп немесе қашықтан басқау арқылы.