Эстония Қазақстаннан Еуропаға өз порттары арқылы жүк ағынын ұйымдастыруға мүдделі

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Кеше, шілденің 2-сі күні ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың Эстонияның ірі кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Вяхи Тийтпен кездесуі болып өтті.
None
None

Кездесу барысында Қазақстанның жүк ағынын Батыс Еуропа мен әлемнің басқа елдеріне Эстония порттары арқылы ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Әбілғазы Құсайынов эстон жағын Қазақстанның екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.

Өз тарапынан Вяхи Тийт Эстон Республикасының Силламяэ порты Қазақстан Республикасының кепілді ұзақ мерзімді жүк ағынын қабылдауға әзір екендігін мәлімдеді. Силламяэ портының (SILPORT) Қазақстаннан темір жол арқылы мұнай өнімдерін жеткізу тәжірибесі бар. Бұның сыртында төраға ағымдағы жылғы қыркүйектің 15-16-да Таллинде өтетін экономикалық форумға қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе, Ә. Құсайынов В. Тийтке Қазақстанның жүктерін Силламяэ портына автомобиль көлігімен жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі жобасының іске асырылуына байланысты туды. Бұл бағыт бойынша жүктерді Ляньюнгань портынан Қазақстан арқылы Санкт-Петерборға дейін 10 тәулікте жеткізуге мүмкіндік ашады. Ол үшін логистика жобаларының бірнеше варианттарын қарастыру керек. Осыған байланысты мүдделі жақтар арасында меморандумға қол қою мәселесін пысықтау қажет болады. Тараптар бұдан былайғы іс-қимыл жөнінде келісуді Таллиндегі экономикалық форумдағы кездесуде белгілеуге келісті.

Соңғы жаңалықтар