Эстонияда қара жаңбыр жауды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның Ярвамаа, Йфгевамаа және Тартумаа өңірлерінде қара жауын жауды. Бұл жайлы сәрсенбі күні Delfi.ee порталы жазды. 

Эстонияда қара жаңбыр жауды

Жауын жауғаннан кейін жер бетінде қара көпіршік пайда болған.

«Біз спутниктен түсірілген фотосуреттерді қарап шықты. Финляндияның метеорологиялық қызметі де бізге дейін Португалиядан өрттен тараған түтін, сондай-ақ Сахара жақтан  шаң келгенін растап отыр», - деді синоптик Тайми Пальяк.