Эстониялық инвесторлар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр

күйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Эстониялық инвесторлар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Эстония Премьер-Министрі Андрус Ансип мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менімен бірге ең ірі бизнес-делегация еріп келді. Бұл эстониялық инвесторлар мен бизнесмендердің Қазақстанға деген қызығушылығы  мол екенін көрсетіп отыр», -деп атап өтті ол.

 «Екі ел  жақсы әріптес ретінде танылып отыр және бұл үрдіс бұдан әрі де жалғасады деген ойдамын. ЕО Қазақстанда ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Менің білуімше, Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестицияның 54 пайызы Еурпалық Одақтан тартылған. Эстония бұл одақтың мүшесі ретінде қарым-қатынастарды нығайту үшін бұдан әрі де өз үлесін қоса алады», -деді Эстония Премьер-Министрі.

Айта кетейік, ертең, қыркүйектің 8-і күні Астанада Қазақстан-эстон бизнес-форумы өтеді.

 Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2008 жылы Қазақстан мен Эстония арасындағы тауар айналымы 75,5 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 20,9 млн. экспорт, ал 54,6 млн. доллары импорт. Атап айтқанда, биылғы жылдың 5 айында тауар айналымы 23,8 млн. АҚШ долларына жеткен.

 Қазақстан экспортының құрылымында қара металлургия, химия өнеркәсібі, бейорганикалық  химия, радиоактивті материалдар және астық өнімдері бар.  Ал импортталатын өнімдердің ішінде азық-түлік өнеркәсібі, алкогольсіз сусындар, сірке суы, темекі, халықтың тұтыну тауарлары, электромашиналар, сондай-ақ басқа да құрылғылар тасымалданады.  Бүгінде Қазақстанда эстониялық  капиталдың қатысуымен бірлескен 8 кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар