Эстонияның темір жолдар және порттары арқылы қазақстандық тасымалдаулары бір жылда 20%-ға өсті

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 10 айында қазақстандық жүктерді (мазут, газойль, көмір) теміржол көлігімен Эстонияның темір жолдары және порттарын пайдалану арқылы тасымалдау көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20%-ға өсіп, 1,1 млн. тоннаны құрады. Ол туралы Астанада өткен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстониялық үкіметаралық комиссиясының 4-отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Отырыс ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің және Эстония Республикасының экономика және коммуникация министрі Юхан Партстың төрағалығымен өтті. Тараптар көлік және коммуникация, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, зейнетақымен қамсыздандыру, құрылыс және басқа салалардағы Қазақстан мен Эстонияның ынтымақтастық мәселелерін қарастырып, тиісті Хаттамаға қол қойды.

Мысалға, Эстония тарапы әріптестерін қуат үнемдеуші құрылыс пен қайта жөндеуді өркендетудегі жетістіктері жайында ақпарат берді. Тараптар Эстонияда шығарылған құрылыс материалдарын климат өзгерістеріне орнықтылық қабілеті жоғары және Қазақстанда қолдану мүмкіндігі бар.

Жалпы Комиссия Отырысы оның мүшелеріне, яғни мемлекеттік органдар өкілдеріне және бизнесмендерге өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты кең ауқымды талқылауға және тың жобаларды іздестіруде жаңа мүмкіндіктер ашып берді.

Соңғы жаңалықтар