Ет экспорттау бағытында ілгерілеу бар ма
АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрлігі былтырғы ет экспортына қатысты түсінік берді.

- 2024 жылдың 11 айында ет экспортының көлемі 73 мың тоннаға жетті, ал 2023 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 50 мың тонна болған. Былтырғы экспорттың арасында сиыр еті 19,7 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 14,6 мың тонна), қой еті – 15 мың тонна (7,2 мың тонна), сондай-ақ құс еті 38 мың тонна болды. Ал жылқы еті мен шошқа еті 2024 жылғы 11 айында экспортталмаған (2023 жылғы 11 айында шошқа еті - 20 тонна), - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Негізгі экспорттық нарықтар:
- Өзбекстан – 31 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 19,9 мың тонна)
- Ресей – 24 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 19,3 мың тонна)
- Қырғызстан – 11 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 8 мың тонна).
Сиыр етінің негізгі экспорты
Өзбекстанға 18,6 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 13,8 мың тонна), Тәжікстанға 490 тонна (2023 жылдың 11 айында экспортталмаған), Иранға 298,4 тонна (2023 жылдың 11 айы – 272,6 тонна) бағытталды.
Қой етінің экспорты
Өзбекстанға 11,9 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 5 мың тонна), БАӘ-ге 1130 тонна (2023 жылдың 11 айы – 1313 мың тонна), Иранға 1014 тонна (2023 жылдың 11 айы – 74,5 тонна) жіберілді.
Құс етінің экспорты:
Ресейге 24,1 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 19,3 мың тонна), Қырғызстанға 11 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 7,5 мың тонна), Тәжікстанға 1,3 мың тонна (2023 жылдың 11 айы – 78 тонна) шығарылды.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Қытай, Түркия және Еуропа секілді алып нарықтарға ет экспорттайтынын хабарлаған еді.