Етігінің бауын байлауға ерінетіндерге арналған аяқ киім шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Nike компаниясы «Болашаққа барып қайту» (Back to the future) фильміндегі спорттық аяқкиім үлгісі бойныша бауы автоматты түрде байланатын жаңа кроссовканы таныстырды.

Спортық аяқ киімінің табанына аяқты басқанда ондағы HyperAdapt 1.0 сенсоры пайдаланушының салмағын анықтап, етіктің бауын байлайды. Пайдаланушы баудың қатты әрі бос байлануын аяқ-киімнің қонышындағы батырманы баса отырып реттейді.

Егер батырманы басып тұрса, механизм бауды толық босатады. Nike аяқ-киім иесінің белсенділігі байланысты бауды автоматты түрде өзгерту үшін сенсор жұмысын жетілдіруде. Бұл үшін биометриялық сенсорлар барлық қажетті ақпаратты жинайды.

Біраз уақыт өткен соң аяқ-киім пайдаланушысына қолайлы режимді таңдай алуды үйренеді.

Бауын автоматты түрде байлайтын аяқ-киімнің басты кемшілігі - оны шамамен екі аптада бір рет қуаттау керек.

HyperAdapt 1.0 биыл сатуға шығарылады, оның бағасы әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар
telegram