19:13, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Etihad Airways қазақстандық саяхатшылар үшін арнайы жеңілдіктер ұсынады.
АЛМАТЫ. Ақпанның 12-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қазақстандағы жұмысын жуырда бастаған Etihad Airways компаниясы қазақстандық саяхатшылар үшін арнайы жеңілдіктер ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталмыш компанияның Қазақстан бойынша аумақтық менеджері Оксана Светенко айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біздер Алматы?Әбу-Даби әуе рейсін аша отырып, қазақстандықтарға БАӘ-не сапар шегу үшін бірқатар жеңілдіктер ұсынып отырмыз. Соның ішінде эконом санатпен екі жолаушы бірге ұшатын болса, оларға екі есе төмен бағада билеттер сатып алуға мүмкіндіктері бар. Ұшу кезінде өте жоғары деңгейде қызметтер көрсетілетін болады», дейді О. Светенко.
Сондай-ақ, Etihad Airways өкілі екі ел үкіметтері арасында Біріккен Араб Әмірлігін Астанамен тікелей әуе байланысын орнату жайы да сөз болып отырғандығын айтты.