Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Тәуелсіздік мерекесіне орай «ҚазГермұнай» кәсіпорнында болды
Бұл туралы облыстық ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
Топ құрамында облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ашур Хамидов, татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Галия Гизатуллина, «Славяне» қоғамдық - мәдени бірлестігінің төрайымы Галина Щербаковалар болды.
Кездесуге «ҚазГермұнай» біріккен кәсіпорны бас директорының орынбасары Айтбай Көшербаев пен кәсіпорынның «Нұралы» кешенінің жұмысшылары қатысты.
Топ мүшелері кәсіпорын жұмысшыларына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық және қоғамдық келісімді қалыптастыруда жүргізіп отырған сарабдал саясатын, Елбасы Жолдауын, достық пен өзара түсіністікті насихаттады.
Этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары мен «Нұргүл» ән-би ансамблі мерекелік концерт берді.