14:45, 07 Қаңтар 2015 | GMT +5
Этносаралық және конфессияаралық толеранттылық - халқымыздың достығының негізі - А. Баталов (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің орынбасары және Талдықорған қаласының әкімімен бірге Архангел Гавриил шіркеуіне барып, православ сенімдегі христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады.
Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы Елбасының этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде белгілеп, оған баса назар аударғанын атап өтті.
Талдықорған шіркеу аймағының басшысы, протоиерейі Григорий Смурыгин православ христиандары атынан аймақ басшысына алғысын айтты. «Бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында», - деп айтып өтті ол.
Кейін әкім балалардың концертін тамашалап, оларға сыйлықтарын ұсынды.