«ЕТС» тауар биржасы мен «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

None
None
АЛМАТЫ. 29 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «ЕТС» тауар биржасы мен «Атамекен» ҰЭП шикізат тауары нарығы мен корпоративтік сатып алудағы биржалық сауданы дамытужөнінде ынтымақтастық  туралы меморандумға қол қойды.

«Атамекен» палатасында қол қойылған бүгінгі өзара түсіністік туралы меморандум шағын және орта бизнес секторында  ЕТС-пен ынтымақтастықтың маңызды қадамы болып отыр. ЕТС дамыған инфрақұрылымымен қазіргі заманғы бағдарламалық-техникалық кешені арқылы сұхбат қалыптастыруға дайын. Шағын және орта бизнес секторы үшін барынша ұғынықты биржалық сауда құралдары мен сауда әдістерін бірлесіп жасау үшін», - дейді «ЕТС» тауар биржасы басқарма төрағасының орынбасары Сержан Мадиев. Оның айтуынша, ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде биыл биржада цемент, астық, мұнай өнімдері, түсті және қара металл бойынша электрондық анонимді аукциондар ұйымдастырылмақ. «Атамекен» ҰЭП басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтың пайымдауынша, бұл тәжірибе ашық сұхбатқа және бірлескен әркеттестікке дайын қазақстандық бизнес үшін пайдалы.

Соңғы жаңалықтар