Етті тиісті құжаттарынсыз сатуға рұқсат беріп келген Орал қаласының ветеринарлық-санитарлық инспекторы 7 жылға сотталды

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен пара берушінің пайдасына қатысты заңсыз
None
None

әрекеттері үшін ақшалай түрде бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Орал қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы С.Кошен ҚР ҚК 311-бабы, 4-бөлімі, «г» тармағы (мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамның бірнеше рет пара алуы) бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР ҚК 72-бабы қолданылып, үкімнің орындалуы 2002 жылғы баласы А.Хайдаров он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.

Сотпен анықталғанындай, С.Кошен мемлекеттік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға ретінде Орал қаласында орналасқан «Рауан» және «Сұлтан» базарларында мал өнімдері мен шикізатының сатылуына ветеринарлық-санитарлық бақылауды жүзеге асыру барысында заңсыздыққа жол берген. Атап айтқанда, мал өнімдері мен шикізатын сатумен шұғылданатын тұлғаларға қатысты ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 310-бабы, 8-бөліміне сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдаудың орнына, аталған базарларда малдың шығу тегін және арнайы пунктте малдың сойылғандығын растайтын ветеринарлық құжаттарсыз сатуға рұқсат беру үшін 1 тұтас етке 1 000 теңге мөлшерінде ставка белгілеген.

Соңғы жаңалықтар