ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағын құру жұмысы аяқталып келеді - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық аясында Кеден одағын құру үдерісі аяқталып келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Университеттердің еуразиялық қауымдастығының ХІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрамына үш мемлекет - Қазақстан, Ресей және Беларус кіретін Кеден одағын құру аяқталып келеді», деді съезде Н. Назарбаев. «Бастапқыда бұған Украинаның қатысуы жоспарланған еді, қазір бұл мәселе проблемалы болып тұр, мені бұл қатты қапаландырады. Егер зер салатын болсақ, бұрынғы Кеңес одағы экономикасының 85 пайызын құрайтын осы төрт ел Кеден одағының құрамына кірген жағдайда бірлесудің локомотиві болып, басқа мемлекеттерге көмек көрсете алар еді», деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар