ЕурАзЭҚ аясында шешім қабылдаудың жаңа тетіктері іске қосылады - Ж.Айтжанова
Бұл туралы бүгін Астанада Кедендік одақ және Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелде» ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова мәлім етті.
«Қазіргі кезде біз келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Жоспар бойынша қараша айында рәсімделетін жаңа «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы» келісімшартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың комиссиясы құрылатын болады. Осыдан бастап бұл органның қызметі кеңейіп, мемлекеттердің осы комиссияның жұмысына қатысудың жаңа принциптері және шешім шығарудың жаңа тетіктері қабылданады», - дейді Ж.Айтжанова.
Министр атап көрсеткендей, осы уақытқа дейін Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру мақсатында 96 келісімшарт рәсімделді. Оған қоса, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруды көздейтін 17 келісімшартқа қол қойылды. Ол кеңістік 2012 жылдың қаңтардың 1-інен бастап іске қосылатын болады.