ЕурАзЭҚ Бас хатшысы ҚР Премьер-Министрін Жоғары технологиялар орталығы венчурлық компаниясының жұмысы жайлы хабардар етті

Кездесу барысында тараптар ЕурАзЭҚ аясында интеграцияны дамыту мәселелерін қарады, деп хабарланды ҚР Үкіметі басшысының сайтында.
Т.Мансұров ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын жүзеге асыру, әлеуметтік-гуманитарлық саладағы көп жоспарлы жұмысы туралы, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қоры мен 2013 жылы құрылған ЕурАзЭҚ-тың Жоғары технологиялар орталығы венчурлық компаниясының қызметтері туралы хабарлады.
Жоғары технологиялар орталығының жарғылық қоры 90 млн. рубль сомасында анықталып, Қазақстан Республикасының технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі, Ресейлік венчурлық компаниясы мен Беларусь инновациялық қоры оның құрылтайшылары болды.
Үкімет басшысы интеграцияны одан әрі дамытуда ЕурАзЭҚ құрылымдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттігіне және үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында өтетін ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер үкімет басшыларының отырысына дайындық мәселесіне назар аударды.