16:50, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Еуразия даму банкі Астанада қонақ үй -әкімшілік кешенінің құрылысына 44 миллион доллардың кредитін ұсынады
АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Мәскеуде Еуразия даму банкі мен «Астанапромстрой-М»" ЖШС-і келісімге қол қойды. Келісім бойынша ресейлік "Моспромстрой" ЖАҚ-ның еншілес компаниясының Астанада қонақ-үй-әкімшілік кешені құрылысына 10 жыл мерзімге 44 миллион доллардың кредиті берілмек.
Еуразия даму банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, оған халықаралық қаржы институтының басқарма төрағасының орынбасары Геннадий Жужлев пен "Астанапромстрой-М" ЖШС-нің директоры Алексей Петухов қол қойған. А. Петуховтың айтуынша, ресейлік инвесторлар серіктестікті бұл жобаны жүзеге асыр үшін арнайы құрып отыр. Есіл ауданында салынатын 28 қабатты бұл ғимараттың қазіргі таңда монолиттік жұмыстары аяқталған. Әлемдік брендттердің бір саналатын Marriott стандарттарына сәйкес тұрғызылатын кешен қала қонақтарына арналып отыр. 183 бөлмелік қонақ үй құрылысын тендерлік негізде қазақстандық мердігерлік ұйымдар жүзеге асырмақ.