Еуразия даму банкі Бішкектегі өкілдігінің директорын тағайындады

АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Еуразия даму банкі Бішкектегі өкілдігіне Андрей Широковты директорлыққа тағайындады. Ол бұл лауазыммен халықаралық қаржы институтының Қырғыз Республикасындағы ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын болады.
None
None

«Менің ойымша біздің командамызға Андрей Широковтың келуі жобалық жұмыстарға жаңа серпін береді. Оны жаңа бағыттармен және идеялармен байытады. Біз оның тәжірибесіне зор үміт артамыз", - дейді Еуразия даму банкінің Басқара төрағасы Игорь Финогенов.

36 жастағы Андрей Широков 1997 жылы Ресей мемлекеттік әлеуметтік институтын, 2007 жылы АҚШ-тағы Duke университетінің бизнес мектебін (The Fuqua School of Business) бітірген болатын. 1998-2008 жылдары «НОМОС-Банк» ЖАҚ-да Құнды металдар операциясы басқармасының жетекші маманынан корпоративтік клиентурамен жұмыс жөніндегі вице-президент лауазыма дейін өсті. 2009-2010 жылдары "АРЛАН" инвестициялық компаниясы Бас директорының орынбасары болып жұмыс жасады. Ал 2011 жылы Еуразия даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары жұмысына аусықанға дейін "Инвестторгбанк" АИКБ ААҚ-ның корпоративтік бизнесіне жетекшілік жасады.

Қырғыз Республикасы Еуразия даму банкінің мүше-мемлекеттерінің қатарына тамыз айында қосылған болатын. Енді 2012 жылдың алғашқы тоқсанында халықаралық қаржы институты онда өз өкілдігін ашуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар