Еуразия даму банкі мен РТДКҚ ЕурАзЭҚ қаржы нарығы инфрақұрылымын дамыту ісінде ынтымақтасады
Онда ЕДБ мен РТДКҚ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қаржы нарығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған орта және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтасу ниеті көрініс тауып отыр. Ол жаңа технологияларды енгізу, оның ішінде электрондық құжат алмасу, электрондық сандық қолды қолдану, эмитенттер бойынша корпоративтік ақпараттарды ашу қорын құру және ақпарат алмасуды стандарттау үдерісін дамыту жолымен жүзеге асырылмақ. Меморандум қаржы нарықтарының инфрақұрылымын одан әрі дамытып, оның сенміділік деңгейін көтеріп, ЕурАзЭҚ кеңістігіндегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал жасайды деп жоспарлануда.
1994 жылы құрылған РТРДҚ Ресей құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылардың алғашқы өзін-өзін реттейтін ұйымдарының бірі саналады. Қауымдастық мүшелері алғашқы кезде жетекші регистраторлар мен депозитарийлер ғана болса, 2000 жылдан бастап олардың қатарына клирингтік ұйымдар да қосылды.