18:43, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Еуразия даму банкі мен "Тhe Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd" арасында екіжақты кредиттік келісімге қол қойылды
АЛМАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуразия даму банкі мүше-мемлекеттердің қаржылық секторын дамыту үшін өз бағдарламасына 50 миллион АҚШ долларын тартуға қол жеткізгенін хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша,

халықаралық қаржы институты мен "Тhe Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd" арасында екіжақты кредиттік келісімге қол қойылып отыр. Келісім талаптары бойынша бұл заем екі транш арқылы берілмек. Ол Еуразия даму банкі жүзеге асырып жатқан Сауданы қаржыландыру мен микроқаржыландыру құралдарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалғалы отыр.