Еуразия даму банкі "Санкт-Петербург" банкінің жобасын қаржыландыруды ұлғайтады

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда Еуразия даму банкі мен "Санкт-Петербург" банкі" ААҚ ресейлік банктің мақсатты несиелік желісін 10-нан 25 миллион долларға ұлғайту жөнінде келісім жасады.
None
None

Тараптар сондай-ақ, келісімнің әрекет ету мерзімін 12 айға, яғни 2013 жылдың қаңтарына дейін ұзартуға уағдаласты. Келісімшарт талабы бойынша Еуразия даму банкі ұсынатыннесиенің кемінде 60 пайызы ресейлік банктің Еуразия даму банкіне мүше-мемлекеттер аумағындағы клиенттерінің экспорттық-импорттық операцияларын қаржыландыруға бағытталуы тиіс.

"Еуразия даму банкінің өткен жылғы келісім аясында ұсынған 10 миллион долларының бәрі Ресей-Белорус сауда келісім-шарттарын қаржыландыруға жұмсалды. Несиелер металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдері салаларында мамандандырылған компаниялардың экспорттық-импорттық операцияларына берілді", - дейді "Санкт-Петербург" банкі" ААҚ-ның қаржы институттарымен жұміс жөніндегі директоры Константин Носков.

Соңғы жаңалықтар