15:55, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны 2012 жылы 1,1 млрд. долларға өсті
АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны 2012 жылы 34 пайызға өсіп, 4 млрд. 593 млн. долларға жетті.

Бұл туралы бүгін жылдың қаржылық есебіне арналған Минск-Мәскеу-Алматы арасындағы телекөпірде айтылды.
«Былтыр банк активі 3 млрд. 884 млн. долларды құрады. Ол 2011 жылмен салыстырғанда 37 пайыз немесе 1 млрд. 46 млн. долларға өсті. Клиенттерге берілген қарыз көлемі 1 млрд. 890 млн. долларға дейін артты. Қарыз көлемінің өсімі 546 млн. долларды немесе 41 пайызды құрады. Ал таза табыс 12 млн. доллар көлемінде болды»,- деді Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасы Игорь Финогенов. Оның айтуынша, жиынтық кіріс 29 млн. долларға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 77 пайызға жоғары.