Еуразия даму банкінің инвестициялық қоржыны 22 жобамен толықты

Қазіргі таңда мұнда мүше-мемлекеттердің 81 жобасы бар. Бұл туралы бүгін жылдың қаржылық есебіне арналған Минск-Мәскеу-Алматы арасындағы телекөпірде мәлім болды.
Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасы Игорь Финогеновтің айтуынша, банктің инвестициялық қоржыны 2009 жылы - 1,4 млрд., 2000 жылы - 2,6 млрд. доллар болса, 2011 жылы 3,4 млрд., 2012 жылы 4,6 млрд. долларға жетті. Оның құрылымында қазір Ресейдің үлесі 50 пайыз, Қазақстанның үлесі - 36, Беларустің үлесі - 8, Арменияның үлесі - 2, Тәжікстанның үлесі 1 пайыз, ал өзге елдердің үлесі 3 пайызды құрауда. Мәселен 2012 жылы көліктік және энергетика салаларындағы жаңа жобалардан кейін Ресейдің үлесі 40-тан 50 пайызға көтерілді. Сондай-ақ, инвестициялық қоржын Арменияның жобаларымен толықты. Онда бірқатар банктерге микроқаржыландыру мен шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелік желілер ұсынылған болатын.