Еуразия даму банкінің Қырғызстан аумағында болу шарттары туралы келісім өз күшіне енді
Халықаралық қаржы институты өз жарғысына сәйкес келісімді бекіту туралы мемлекеттік процедуралардың аяқталғаны туралы ресми құжаттарды алған соң Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігін құлағдар етті. Еуразия даму банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламасына қарағанда, бұл келісімге тараптар 14 қыркүйек күні қол қойған. Ал Парламенттің мақұлдауынан кейін 18 қазанда Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаева аталмыш келісімді бекіту туралы заңға қол қойды. Ол халықаралық қаржы институтының Бішкекте өз өкілдігін ашып, белсенді түрде республикадағы инвестициялық жобаларды пысықтауына мүмкіндік береді.
«Қырғызстанның Еуразия даму банкіне кіруі бұл елге айтарлықтай экономикалық әсер береді, халықаралық қаржы институтының ресурстық базасына қол жеткізеді. Оның өзге мүше-мемлекеттердегі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесін пайдалану арқылы экономикадағы тұрақтылықты арттыру мен экономиканы әртараптандыруға бағытталған ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды бастай алады», - дейді Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасы Игор Финогенов.
Қырғызстан Еуразия даму банкін құру туралы келісімге 2010 жылдың қазанында ресми түрде қосылды. 2011 жылдың маусымында Еуразия даму банкі кеңесі Қырғыз Республикасының өтінішін қарап, бұл елдің халықаралық қаржы инстиутына мүшелікке өтуіне бірауыздан дауыс берді. Ал тамызда өзінің мүшелік жарнасын төлеу арқылы 6-шы толық құқықы мүшесіне айналған еді.