Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бірінші дөңгелек үстел биыл қазан айында өтеді - Варшавадағы конференция

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың басшылығымен Қазақстан делегациясы осы күндері Варшавада өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық пен даму Ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламалары министрлері конференциясының жұмысына қатысуда. Бұл туралы ҚР Премьер- Министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

ЭЫДҰ Еуроодақ пен Қазақстанның бірлескен төрағалығымен Орталық Азия елдері бойынша, сондай-ақ Польша мен Швецияның бірлескен төрағалығымен Шығыс Еуропа мен Кавказ елдері бойынша Инициативалардың Министрлері деңгейіндегі шараға ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысушы 13 елдің өкілдері келді. Қазақстан ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қаблеттілік бағдарламасы Орталық Азиялық Инициативаның тең төрағасы және Орталық Азия бойынша негізгі баяндамашы мәртебесінде таныстырылды.

Конференцияда ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының 2012 жылға орындалуының қортындысы, Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шаралар, бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдете түсу мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Талқылауға қатысушылар Қазақстанның аймақтық диалогты одан әрі нығайту саласындағы белсенділігін атап айтты.

Министрлер конференциясы отырысының қорытындысы бойынша министрлердің Мағлұмдамалары және 2013-2015 жылдарға арналған жұмыс бағдарламалары қабылданып, Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жыл сайын дөңгелек үстел өткізу жобасы бекітілді.

Дөңгелек үстел әріптестермен диалогты дамытуды, Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдерінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру барысындағы реформаларды жүзеге асыру үдерісіне талдау жасау мен озық тәжірибелерді алмасуды көздейді. Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша бірінші дөңгелек үстелді үстіміздегі жылдың қазан айында өткізу жоспарлануда.

Конференцияға қатысушылар сондай-ақ бәсекеге қабілеттілік саясатына коллегиялық шолулар жасау туралы шешім қабылдады. Коллегиялық шолуларды ЭЫДҰ тәуелсіз сарапшыларымен қатар, басқа да ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасына қатысушы елдердің өкілдері жүргізетін болады.

Қазақстан 2013 жылдан бері тең төрағасы болып табылатын ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы, 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол Аймақ елдерінің Үкіметтеріне салалық бәсекеге қабілеттілікті көтеру, инвестиция тарту және шағын және орта бизнесті дамыту саласында әдістемелік және консультативтік қолдаулар көрсетуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар